Жар-жар

Жар-жар — қазақ тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды.

Сәукелесін киіп отаудағы шымылдық ішінде отырған қалыңдықты қоршаған жақын жеңгелері мен бойжеткен құрбылары қыздың атынан жауап өлең айтады. Осылай айтыс түрінде орындалатын жауаптасу өлеңінде қыздар жағы оң жақта еркелеген қыз ғұмырдың өтіп бара жатқанына, өмірдің өткіншілігіне өкініш білдіреді. Жат жұртқа барғанда ата-анасы мен туған-туысқандарының, құрбы-құрдастарының орыны толмайтындығын өлеңге қосып, әлі де болса ойнап-күліп жүре тұруға мұрша бермей аттандырып жатқан ата-анасына наразылығын білдіреді. Өз кезегінде жігіттер жағы ерге...

Читайте на 123ru.net