Күнге ең жақын планета: Меркурий
Күнге ең жақын планета: Меркурий. Күнге ең жақын планета: Меркурий жайлы барлық мәлімет. Меркурий туралы негізгі деректер. Ең кішкентай планета. Ретроград Меркурий деген не?
Меркурий туралы негізгі деректер
Планета типі: жер тобының планетасы
Радиусы: 2440 км
Массасы: 3,3011×10^23 кг
Афелиі: 69,8 млн км
Перигелиі: 46 млн км
Жерден орташа қашықтығы: 77 млн км
Бетінің температурасы: −173 °C ... 427 °C
Күн тәулігі: 176 жер тәулігі
Жұлдыздық тәулік: 59 жер тәулігі
Жыл: 88 жер тәулігі
Жасы: 4,503 миллиард жыл
Кімнің құрметіне аталған: Рим нанымындағы сауда құдайы
Ең кішкентай планета
Меркурий — Күн жүйесіндегі ең кішкентай планета. Ол Жерден 18 есе жеңіл, ал диаметрі Жердікінің бестен екісіне әзер жетеді. Меркурий бетінің ауданы 74,8 млн км2, экватор ұзындығы 15 329 км. Меркурийдің өлшемін жақсырақ елестету үшін, оны...