Жанқожаның кемеңгерлігі

Нысана көздеуден жеңіліп, ұтылып қалған төлеңгіттер қайтсек те кек қайтарамыз деген есеппен батырға екінші рет келіп: «Енді жырау айтып тамашалайық», — деп өтініш айтады. Оған батыр:

— Ханыңа барып айт, құтырмасын. Еріккенді қойсын. Жыраудың басы — дау, аяғы — жау деген. Екі жырау айтысса, екі елдің айыбы мен мінін айтады. Сонда жау болмағанда несі қалады, сондықтан жырауды қойсын! — дейді.

Бірақ қашаннан кек сақтап қатып қалатын төлеңгіттер кешегі қол оғының кегін қайтару үшін ақыры екі жырауды айтысуға шығарады. Батыр өзінің жырауы Төремұратты оңаша шығарып алып:

— Айтысқан кезіңде анау хан еді ғой деп айтатын сөзіңді тынып айтпай қалып жүрме. Егер...

Читайте на 123ru.net