Прәндік үйшік

Ертеде ну орманның шетіндегі алаңқайда бір кедей отыншы әйелі екеуі өмір сүріпті. Олардың екі баласы бар екен. Ұлының аты — Гензель, қызының аты — Гретель екен. Отыншының әйелі екі баланың туған анасы емес өгей шешесі екен. Олар көбінесе ашқұрсақ өмір сүріпті. Жейтін бір үзім нан таба алмай аш жататын күндері жиі болады екен. Осындай қиыншылық басқа түскен күндердің бірінде отыншы өзінің сықырлаған қу төсегінде ауыр ойға беріліп дөңбекшумен болыпты. Ауыр күрсінген ол қасында жатқан әйеліне:

— Бұл қиыншылықтан қалай құтылудың амалын ойлап-ойлап таба алар емеспін. Өзіміз осылай ашығып жатырмыз, мына балалардың күні не болмақ? — дейді.

— Отағасы, мен бір амалын...

Читайте на 123ru.net