Олимпиадада білімімен көзге түскен оқушыларға мемлекет қанша сыйақы төлейді

Олимпиадада білімімен көзге түскен оқушыларға мемлекет қанша сыйақы төлейді Оқу-ағарту министрлігі халықаралық білім олимпиадасында жетістікке жеткен оқушыларға берілетін сыйақы көлемін жариялады.

Оқу-ағарту министрлігі халықаралық білім олимпиадасында жетістікке жеткен оқушыларға берілетін сыйақы көлемін жариялады.

Айта кетсек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен құрама команда мүшелері бірнеше республикалық және халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, 2024 жылғы Еуропа және Дүниежүзілік олимпиадаларда 100% нәтиже көрсете білді.

Халықаралық ірі олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға еліміздің жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ ақшалай сыйақы төленеді.

Алтын медаль үшін 1500 АЕК (5 538 000 теңге), күміс медаль үшін 1000 АЕК (3 692 000 теңге), қола медаль үшін 500 АЕК (1 846 000 теңге) төленеді.

Одан бөлек, оқушыларды дайындаған тәлімгерлеріне де марапат қарастырылған.

Читайте на 123ru.net