Түбектің Бұғыбайға айтқаны

Садыр Ерші Бұғыбай батыр бір жолы Қаракерей Түбек ақынды іздеп барады амандасып қайтуға, жүз көрісіп. Бірі — ақын, бірі — батыр, тəтті замандас. Бұғыбай қасына атқосшы алып, Түбекті іздеп үйінен шықты. Араға неше қонып, Түбектің еліне келді. Ел шетіне келгенін естіген соң, алдынан шығып, амандасып қарсы алды. Түбек пен Бұғыбай бас қосып, Қаракерейді аралап, мəжіліспен, тамашамен өткізді. Бірнеше күн жүріп, Бұғыбай еліне қайтты. Түбек разы қылып, ел ішінен шығарып салды. Түбекті Бұғыбай «кел» деп шақырып кетті.

Бір жыл өткен соң Түбек шықты Бұғыбайға баруға. Түбек Бұғыбайдың елі — Садырға келді. Келсе, Бұғыбай қайтыс болып кетіпті. Бұны Түбек естіген жоқ еді....

Читайте на 123ru.net