"Алғашқы қоңырау" саптық жиынының бағдарламасы
2023-2024 оқу жылының 1-қыркүйек «Білім күніне» арналған «Күмбірле, күміс қоңырау!» атты саптық жиынының бағдарламасы:
1-жүргізуші: (Аметова Аниса)
Қайырлы күн, ата-аналар, ұстаздар!
2-жүргізуші: (Бақытжан Салиха)
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар!
1-жүргізуші:
«АйСаф» жеке қыздар мектебінің «Күмбірле, күміс қоңырау!» атты Білім күніне арналған салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Мектеп деген – іргетасы білімнің,
Мектеп деген – даңғыл жолы ғылымның.
Он бір жылдық қарапайым мектептен,
Үйренеміз дәрістердің түрін мың - дей келе, баршаңызды жаңа 2023-2024 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
1-жүргізуші:
Лүпілдеп сәби жүрегі,
Мектепке алғаш кіретін.
Оқушы болу не екенін,
Бүгіннен бастап білетін.
Танысып Ұстаз-Анамен,
Сіңірер бойға тәлімін....