Жуандық

I

Ақөзектің егіні биылғы жылы бұл атыраптың алды боп тұр. Бір болыс Қараадыр «Ақөзек озды» десіп аңыз қылысты.

Әр рудан жиылған жиырма-отыз үйлі кедей-кепшік осы өзекке екі-үш жылдан бері егін салуды машық қылған. Жаз ортасы ауғаннан бері солар егін жайын байқап, іштен қуанып, үмітті болатын.

Ел іші әңгімесіз отырмайды. Кейде ананы, кейде мынаны аңыз қылады. Мезгіл-мезгіл тыңнан хабарлар шығарып, ұзынқұлақ арқылы көпке жайып, таратып отырады. Көп ел егіншілікке айналып, адал еңбекке салынған соң, кей-кейдегі әңгімесі егін болатын. Қазірде жаз ортасы ауғаннан бері ел аузындағы әңгіме — сол биылғы егін жайы. Сонда ананы-мынаны мақтасып келгенде, ең аяғы Ақөзекке тоқтаушы еді. «Төрт...

Читайте на 123ru.net