Зейнетақы жинағындағы артылған сомадан алынған ақшаның салығы қайтарыла ма – Вице-министр жауабы

 Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы жаңа Салық кодексін таныстыруға арналған іс-шарадан кейін зейнетақы жинағындағы артылған сомаға салық қалай алынатынын түсіндірді. «Зейнетақы жинағындағы артылған сомадан алған ақшадан салық салынбай ма? Қазір шешіп алсақ алсақ та, салық алынбай ма?» — деп сұрады журналист. Вице-министр зейнетақымен байланысты алым-салықтың бәрі жаңа салық кодексі күшіне енген […]

Сообщение Зейнетақы жинағындағы артылған сомадан алынған ақшаның салығы қайтарыла ма – Вице-министр жауабы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

 Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы жаңа Салық кодексін таныстыруға арналған іс-шарадан кейін зейнетақы жинағындағы артылған сомаға салық қалай алынатынын түсіндірді.

«Зейнетақы жинағындағы артылған сомадан алған ақшадан салық салынбай ма? Қазір шешіп алсақ алсақ та, салық алынбай ма?» — деп сұрады журналист.

Вице-министр зейнетақымен байланысты алым-салықтың бәрі жаңа салық кодексі күшіне енген күннен бастап қана күшін жоятынын айтты.

«Бұл ақша салықтан босатылады. Өйткені жеке табыс салығы болашақта алынатын жинақтан алынатын болғандықтан, салықтан босатылады. Нормативттік-құқықтық актілер бойынша, 2025 жылдың 1 қаңтарында жаңа Салық кодексі күшіне енсе, зейнетақыны салықтан босату нормасы да қолданыла бастайды. Келешекте зейнетке шыққанда да зейнетақымен байланысты төлемнің бәрі салықтан босатылады. Егер зейнетақы жинағындағы артылған сома алынып, оған сол кез салық төленіп кеткен болса, қайтарылмайды. Ал салық алынбаған болса, ол сол күйі алынбайды», — деді Азамат Әмрин.

Сообщение Зейнетақы жинағындағы артылған сомадан алынған ақшаның салығы қайтарыла ма – Вице-министр жауабы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net