Мейірімге толы кең жүрек: Жамбыл облысында жетім балаларды бауырына басқан полицейлер қызмет жасауда

Қызметі қанша салқынқандылықты талап етсе де, полиция қатарында жомарттығы дархан даладай кең, жүрегі жұмсақ, мейірімді жандар баршылық. Жамбыл облысының Полиция департаментінде қауырт жұмысымен қатар, қайырымды іс жасауды өмір салтына айналдырған қызметкерлер тізімі жеткілікті. Полиция капитаны Ғалым Арыстанбаев үш туған ұлымен бірге сегіз баланы бауырына басса, полиция подполковнигі Диляфруз Кинжеханова өзінің бес баласына қоса төрт ұл-қызды […]

Сообщение Мейірімге толы кең жүрек: Жамбыл облысында жетім балаларды бауырына басқан полицейлер қызмет жасауда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Қызметі қанша салқынқандылықты талап етсе де, полиция қатарында жомарттығы дархан даладай кең, жүрегі жұмсақ, мейірімді жандар баршылық. Жамбыл облысының Полиция департаментінде қауырт жұмысымен қатар, қайырымды іс жасауды өмір салтына айналдырған қызметкерлер тізімі жеткілікті.
Полиция капитаны Ғалым Арыстанбаев үш туған ұлымен бірге сегіз баланы бауырына басса, полиция подполковнигі Диляфруз Кинжеханова өзінің бес баласына қоса төрт ұл-қызды тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.
Жамбылдық сақшылардың жүректерді елжіреткен осы бір үлкен қадамға қалай барғаны жайында тоқталып өтсек…
Үш ұлының артынан тұлымы желбіреген қыз баласын армандаған Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының инспекторы Ғалым Арыстанбаев пен жұбайы Әлия өздері жиі барып тұратын балалар үйіне кезекті рет ат басын бұрады. Бір үйдің адамдарындай тату-тәтті тұратын балалардың біреуін алып кетерде бір-бірін қимай, көздеріне жас толғанын көрген полицей, оларды айырмайық деген оймен сегіз бірдей баланы асырап алған.
Алғашында туыстары қатты таңғалып, кейбірі тіпті қарсы болыпты, бірақ қазір олар материалдық жағынан да, рухани тұрғыда да көмектерін аямайды.
Балалардың арасында әзірбайжан, өзбек, орыс, қытай ұлты бар болғанымен, олардың барлығы да қазақ тілінде сөйлеп, қазақ мектебінде білім алады. Жары Әлия педагог маманы, алайда үйде балалардың тәрбиесімен айналысады.
5 ұл мен 6 қыздан құралған 11 балалы Арыстанбаевтар отбасы ауызбіршіліктерінің арқасында облыстық «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы атанып, республикалық байқаудың финалистері болған. Сонымен қатар полиция инспекторы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары қатарына кірді.

Сообщение Мейірімге толы кең жүрек: Жамбыл облысында жетім балаларды бауырына басқан полицейлер қызмет жасауда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net