Басталған жобалар уақытылы әрі сапалы аяқталуы тиіс

Жамбыл облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев жұмыс кестесіне сәйкес, Жуалы ауданында болып, өңірде салынып жатқан бірқатар құрылыс нысанын аралап көрумен бірге, онда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына да баса назар аударды. Халық қалаулысы С.Арубаев ең алдымен аудан аумағында орналасқан стратегиялық маңызы бар нысан – «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасының жұмысымен танысты. […]

Сообщение Басталған жобалар уақытылы әрі сапалы аяқталуы тиіс появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Жамбыл облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев жұмыс кестесіне сәйкес, Жуалы ауданында болып, өңірде салынып жатқан бірқатар құрылыс нысанын аралап көрумен бірге, онда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына да баса назар аударды.


Халық қалаулысы С.Арубаев ең алдымен аудан аумағында орналасқан стратегиялық маңызы бар нысан – «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасының жұмысымен танысты. Су қоймасының басшысы, гидролог маман Қайрат Шымыровтың айтуынша, бұл су сақтау қоймасы 1963 жылы қолданысқа берілген. Су жинау мүмкіндігі 158,6 млн текше метрді құрайтын қойманың су өткізгіш қабілеті секундына 36 текше метрге тең. Иә, бұл су қоймасында жиналған мол су шлюздар арқылы төмен тасталып, бұл өз кезегінде көршілес Жамбыл ауданында 21,5 мың гектар егістік алқапты суландыруға мүмкіндік береді. Қазір мұнда секундына 2 текше метр су тасталуда. Су қоймасы қайта жаңғыртуды қажет етеді. Жөндеу жұмыстарының қаражат көзі республикалық бюджеттен үмітті. Сенат депутаты қаржы көзін қарастыру үшін жедел шаралар қабылдауға кірісетінін атап өтті.
Сенат депутаты Сәкен Қаланұлы бұдан кейін Ақтөбе ауылын ауызсу жүйелерімен қамтамасыз ету жобасымен танысты. Иә, су – тіршілік нәрі. Әсіресе таза ауызсудың тұрғындардың күнделікті тұрмысына ауадай қажет екенін жақсы білеміз. Ауданда ауызсу мәселесі өте өзекті болып отырған Түктібай және Ақтөбе ауылдарына таза ауызсу құбырын тарту мақсатында былтыр тиісті жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, биыл міне аталған елдімекендерде құрылыс жұмыстары басталып та кетті.
Жоғарыда аталған екі ауылды таза ауызсу жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстарын мердігер компания «Темір-Строй Сервис и Ко» ЖШС жүргізу үстінде. Қазіргі таңда екі ауылда да жұмыс қатар атқарылу үстінде. Ақтөбе ауылына кіреберістің оң жақ бөлігінде су тарату стансасының құрылысы басталып, жұмыстар кестеге сәйкес атқарылу үстінде. Мұнда стансаның айналасын темір-бетон қабырғамен қоршау жүргізіліп, онымен қоса, жалпы сыйымдылығы 150 куб болатын су жинайтын екі бірдей резервуардың шұңқыры қазылып дайындалу үстінде. Онымен қоса, сусорғы стансасының да құрылысы жүруде. Ең бастысы, су қорының мол болуы алдын ала зерттеліп, тереңдіктен су бұрғылау бағытында жасалып жатқан жұмыстардың маңызы зор. Айта кету керек, Ақтөбе ауылындағы үш көшеде 141 аула бар. Тиісінше, мұнда ауызсу құбырларын жүргізу кезінде барлығы жеті шақырымға жуық магистральды құбыр қазылу көзделген.
Халық қалаулысы келесі кезекте Түктібай ауылында жүргізіліп жатқан ауызсу жүйелерінің құрылысымен және осындағы М.Әуезов атындағы орта мектепке жапсарлас салынып жатқан ғимараттың құрылысымен де танысып, құрылысқа қатысты бірқатар мәселелерге назар аударды.
Айта кетсек, Түктібай ауылындағы №12 М.Әуезов атындағы орта мектепте жапсарлас ғимараттың құрылысына 1 миллиардтан астам қаражат бөлінген құрылыстың барысында жапсарлас ғимаратпен қатар, ескі мектептің күрделі жөндеу жұмыстары да қоса атқарылады. Бас мердігер – тараздық «Бином» ЖШС.
С.Арубаев осыдан кейін Жетітөбе ауылдық округінің орталығы Кәріқорған ауылындағы «Алатау сүт өнімдері» өндірістік кооперативінің сүт өңдеу цехында болды. Тәулігіне 10 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы сүт зауытында қазір жеті тонна сүт өңделіп, одан 10-ға жуық өнім шығарылып, отандық нарыққа тұрақты өткерілу үстінде. Қажетті шикізат ауыл-аймақтың тұрғындарынан қабылданады. Дамудың даңғыл жолына түсіп үлгерген кәсіпорынның алға қойып отырған жоба-жоспарлары да өте көп. Кәсіпорын басшысы Н.Кенжебековтың айтуынша, алдағы уақытта қымыз өндіруге де күш салмақ. Сүт өңдеу зауытының жұмысынан хабардар болған халық қалаулысы оның жұмысына сәттілік тіледі.
Сенат депутаты С.Арубаев ары қарай Боралдай ауылдық округінің орталығы Көлтоған ауылындағы спорт кешенінің құрылысымен танысты. Айта кетсек, мұнда құрылыс жұмыстары енді ғана басталған. Құрылысқа бір гектар жер телімі қарастырылып, қазір онда іргетас құюға негіз жасалу үстінде. Халық қалаулысымен болған кездесуде ауыл ақсақалдары ауылдан спортшылардың, оның ішінде, балуандардың көптеп шығып жатқанын мақтанышпен жеткізіп, ауыл жастарының жаттығып, спортпен тұрақты айналысуына бұл кешеннің ауадай қажет екенін айтты. Айта кету керек, Көлтоған ауылынан қазақ күресінен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жүлдегері, айтулы балуан Ғани Сейділдаев түлеп ұшқан.
Дегенмен, спортшылар ауылда спорт кешені аяқталмау қаупі жоғары. Қйткені, республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеген. Сенат депутаты бұл мәселе жеке бақылауында болатынын, қаржы көзін қарастыруға күш салатынын атап өтті.
С.Арубаев келесі кезекте Қарасаз ауылындағы жиһаз жасайтын цехтың жұмысымен танысты. Цех басшысы Серік Мақатаев «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 5,3 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, жұмыс бастағанын айтады. Оған ағаш өңдеуге қажетті станоктар сатып алған. Бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын толық қуатында іске қосылса, әртүрлі жиһаздар шығаруды көздеп отыр. Жиһазға тапсырыс та көптеп түсуде. Іскер азаматтың жұмысымен танысқан халық қалаулысы алдағы уақытта кәсіпті одан әрі кеңейту үшін 30 миллион теңгеге дейін несие алуға болатынын айтты.
Депутаттың ауданға жұмыс сапары Шақпақ ауылдық округінің Т.Дүйсебайұлы ауылында қорытындыланды. Сәкен Қаланұлы осындағы Амангелді атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, құрылыс барысының өте баяу жүріп жатқанына сын айтып, мердігер мекеменің өкілдеріне жұмысты тездету қажеттігін ескертті. Жұмыстар аяқталмаса
Иә, халық қалаулысы аудандағы құрылы-ге тарта оқушы жаңа оқу жылына бара алмау қаупі жоғары екенін алға тартқан Сәкен Қаланұлы мердігер өкіліне ескерту жасап, жұмыс күшін көбейтуді талап етті.

Сообщение Басталған жобалар уақытылы әрі сапалы аяқталуы тиіс появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net