Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері арасында «Оңтүстік» өңірлік іріктеу турнирі өз мәресіне жетті
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз арена» спорт кешенінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығын атап өтуге орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының Кубогы үшін II Спартакиада «Оңтүстік» тобы қызметкерлері арасындағы іріктеу жарысы өтті.
Іріктеу жарысы 2024 жылдың 10-11 тамыз күндері спорттың 5 (кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, арқан тарту, шахмат) түрінен ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша, Түркістан облысы бойынша, Қызылорда облысы бойынша және Жамбыл облысы бойынша департамент құрама командалары қатысты.
Сондай-ақ жарыстың ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, агенттіктің оңтүстік өңірі бойынша аумақтық департаменттерінің басшылық құрамы мен облыстық әкімдік басшылығы, сонымен қатар, спорт жұлдыздары мен қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Екі күнге созылған іріктеу жарысының нәтижесі бойынша үздік атанған командалар Астана қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алды.
Сообщение Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері арасында «Оңтүстік» өңірлік іріктеу турнирі өз мәресіне жетті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.