Жамбыл облысында биыл 19 мектеп пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында 2024-2025 жылдары 41 білім нысанының құрылысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін 19 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбында өткен тамыз кеңесінде айтты.

Биыл білім саласына 319,2 миллиард теңге бөлінді. Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

2024-2025 жылдары 41 білім нысанының, оның ішінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 12 мектептің құрылысын жүргізуге қаржы қарастырылды.

Жыл соңына дейін 19 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталады деп көзделуде. Нәтижесінде 2 апатты, 4 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен, сондай-ақ оқушы орны жетіспейтін 10 мектептің мәселесі шешіледі.

2025 жылы қалған 22 білім беру нысанының құрылысы жүргізіледі.

Бұдан бөлек, 4,3 миллиард теңгеге 10 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Оның ішінде, 9 білім ұясы мен 1 мектептен тыс мекеме бар.

Білім беру мекемелерін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 1,9 миллиард теңге қаржы қаралды.

— Бұл жұмыстардың сапалы, әрі мерзімінде орындалуы маңызды. Білім және құрылыс басқармаларына, қала, аудан әкімдеріне бақылауды күшейтуді тапсырамын, – деді облыс әкім.

Сообщение Жамбыл облысында биыл 19 мектеп пайдалануға беріледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net