Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Түркістан облысындағы Созақ ауданы уран өндірісімен көпшілікке танымал. Бүгінде бетпақдаладан шығып жатқан өнімге деген әлем елдерінің қызығушылығы да жоғары. Агенттік тілшісі Созақ ауданында болып, уран өндірісімен танысып келді.
Шымкенттен шыққан көлік 5 сағат жол жүріп, «Қаратау» руднигіне келіп тоқтады. Қақпадан арнайы күтіп алған қауіпсіздік бөлімінің басшысы ережелерді түсіндіріп, ішке алып өтті. Өндіріс орнының формасын киіп, көзілдірік пен маска тақтық. Каска мен қолғабымыз да бар. Аяқта етік. Содан бетпақдаладағы тіршілікпен танысуды бастап кеттік.
Күніне 15 келі өнім
Уран 650-700 метр тереңдіктен алынады. Ол үшін арнайы ұңғымалар қазылған. Қаратау руднигіндегі 7 500 гектар алқапта дәл қазір 1 500-ден астам ұңғыма жұмыс істеп тұр. Баршасы бір-бірімен байланыстырылған. Жер астынан алынған өнім, құбырлар арқылы ашық аспан астында жасалған бассейнге жіберіледі.
«Технологиялық ұңғымалардың екі түрі бар. Бірі жер астындағы қатты уранды күкірт қышқылы арқылы сұйықтыққа айналдырса, екінші ұңғыма сол сұйық өнімді сорып алады. Бұл жұмыстар автоматты жағдайда атқарылады, яғни жер бетіне уран жабық жағдайда көтеріледі. Экологиялық жағынан және өнімділік тұрғысынан қарағанда, бұл — ең тиімді әдіс. Содан насос арқылы тұндырғыш бассейнге жинаймыз. Барлық процес жабық жағдайда өтеді», — дейді «Қаратау» ЖШС-нің геотехнологиялық алаң басшысы Нұржан Қалдыбеков.
Бассейнде өнім су арқылы тұндырылады. Құмдардан тазартылған соң, таза ерітінді магистралдық құбырлар арқылы зауытқа жіберіледі.
Сообщение Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.