«Әйел бақыты» ток-шоуында Аша Матай мен Арман Қоңырбаев алда болатын «қыз ұзату» мен үйлену той жайында сыр шертпек

Әлеуметтік маңызы зор тақырыптар талқыға салынатын Қазақстанның басты "Әйел бақыты" ток-шоуының жаңа маусымдағы алғашқы саны бүгін 15.00-де «Қазақстан» телеарнасында эфирге шығады.

Оның алғашқы қонақтары - әнші әрі актриса Аша Матай мен Mysterions тобының солисі Арман Қоңырбаев.

Жылдың басында Аша Матайға Арман Қоңырбаев тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны туралы хабарланған еді, ал екеуінің арасындағы қарым-қатынас өткен жылдың басынан бері ел назарына іліккен болатын. Алайда жұлдызды жұп бұл туралы жария етуге асықпай жүрді. Екеуі сол уақытта «Жүрек сыңарым» атты әнін жазып, бірге орындап жүрді. Қазіргі таңдағы олардың арасындағы қарым-қатынас, алда болатын қыз ұзату мен көптен күткен үйлену тойы жайында анық-қанығын бүгінгі эксклюзивті хабардан біле аласыздар.

«Әйел бақыты» - аруларымыздың жан дүниесімен бөлісіп, басына түскен қиындығын ашық айтуға мүмкіндік беретін айрықша жоба. Бағдарламаға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалар арқау болды.

Дүйсенбі мен жұма аралығында «Қазақстан» ұлттық арнасында 15.00-де тікелей эфирде қыз-келіншектердің сырт келбетімен қоса жан-дүниесіне арналған бірегей бағдарламаны жіберіп алмаңыздар. 

Читайте на сайте