Елорданы газдандыру зиянды шығарындыларды 40 мың тоннаға қысқартады – Көлгінов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданы газдандыру ауаға таралатын зиянды шығарындыларды 40 мың тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Астана» телеарнасына сұхбат берген елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.