World News

Қаратаудың басынан көш келеді

Қазақ халқының болашақ тағдырына тікелей әсер егіп, шешуші рөл атқарған бір ұлы оқиғаға енді бірнеше айдан кейін 50 жыл толады. Ол – 1962-жылдың сәуір айында Шыңжаңның Тарбағатай аймағынан қопарыла қозғалған қазақ көші. Көктемгі көкөзек шақта, небәрі жиырма шақты күннің ішінде (10-сәуірден бірінші майға дейін) 200 мыңдай қазақ империя шекарасын қақырата бұзып, атажұрт Қазақстанға өте шыққаны мәлім. Бұл, шын мәнінде, ұлттың еңкейіп кеткен еңсесін бір көтеріп тастаған, қазақтың сұйыла бастаған қанын қоюлатып, ділі мен тілін едәуір бекемдеген оқиға болды.

Читайте на сайте