Ирак астанасында екі жарылыс болып, кем дегенде 23 адам мерт болды
БАҒДАТ. ҚазАқпарат – Ирак ішкі істер министрлігінің мәліметіне сенсек, бейсенбі күні ел астанасында екі жанкешті лаңкес жарылыс жасап, салдарынан 23-тен астам адам мерт болған. Кем дегенде 50 адам жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Sabah агенттігіне сілтеме жасап.