ҚР Президентінің төрағалығымен өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес тікелей эфирден көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Жиын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де «Хабар24» телеарнасы мен ҚР Президенті Баспасөз қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жариялады.