Парижде жас қазақстандық суретшілердің көрмесі өтті
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Франциядағы Қазақстан Елшілігінде мүмкіндігі шектеулі жас қазақстандықтар суреттерінің «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.