Қарға тамған қан
Роман
Храбрец или сидит в седле,
Иль тихо спит в сырой земле.
Расул Гамзатов.
1
— Гвардия лейтенанты Досов! — деген дауысқа отырған жерімнен лып етіп тұрдым да жалт қарадым.
Полк штабының бастығы гвардия майоры Ветков екен. Үстінде келте тігілген ақ тоны бар, жаңа жауған ақша қар басқан үлкен ақ қайыңның діңгегіне сүйеніп, жайбарақат тұр.
Осы адам маған сонау бір кезден, ең алғаш көрген шақтан жылы ұшыраған. Көптен бері таныс, біліс адамдай, мені іш тарта сөйлеп, жылы рай берген. Осыдан ба, білмедім, ол маған өзім қызмет істеп жүрген 23-гвардиялық атқыштар полкындағы бұрынды-соңды кездескен, жүз көріскен жандардың бәрінен де ерекше жақын...