World News

Адам және көлеңке

Роман

БІРІНШІ ТАРАУ

I

Көктем шыққалы әлдеқашан. Оның ең соңғы айы — майдың өзі зырлап барады. Ауылдың тау жағы көз нұрын толтырғандай боп, кілем түгіндей көк жасылға бөленген. Әдемі иісі көңілді алып, көкіректі ашып тұр. Әлденеше шақырымға созылған көк жоңышқалы дала, қырмызыдай отты қызғалдақ басқан жусанды алқап, еңісті беткей сол көктемнің көркіне оранғандай бөгіп те, тұнып та жатыр. Түз гүлінің иісі қандай өткір, жыты болады? Көксу аңғарынан соққан қоңыр жел, көктемнің дымқыл самалы Ешкіөлместі бөктерлеп өскен шақта дала гүлдері мен көк жуа, жалбыз бен жусан иісі араласып аңқиды, бас-аяғы кең жатқан заңғар, жұпар шашқандай боп төңірекке хош иісін төгеді.

Ойы...

Читайте на сайте