World News

Кортежбен жүреді, терезеден шығып отырады: ІІМ түлектерге үндеу жасады

Мектепті бітіруге байланысты полиция түлектерге және олардың ата-аналарына жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы аптада елімізде "мектеп бітіру кештері" өткізіліп жатыр. Былтырғы жылдары түлектердің катысуымен әртүрлі құқық бұзушылықтар тіркелген. Іс-шаралар өткізілетін орындарда құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз ету үшін әрбір оқу орнына полиция қызметкерлері және басшы құрам қатарынан жауаптылар бекітілді.




if(window.innerWidth>480) { window.yaContextCb.push(() => {
Ya.adfoxCode.createAdaptive({ ownerId: 264109, containerId: 'adfox_160136414229977809news351994', params: { pp: 'g', ps: 'cxuf', p2: 'gyph', insertAfter: "undefined", insertPosition: "0", stick: true, stickTo: "bottom-right", stickyColorScheme: "light" } }, ['desktop', 'tablet'], { tabletWidth: 830, phoneWidth: 480, isAutoReloads: false }); }); }else{ window.yaContextCb.push(()=>{
Ya.adfoxCode.createAdaptive({ ownerId: 264109, containerId: 'adfox_160136414229977809news351994', params: { pp: 'i', ps: 'cxuf', p2: 'gypi' } }, ['phone'], { tabletWidth: 830, phoneWidth: 480, isAutoReloads: false }); }); }Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында полицияның патрульдік нарядтары кеш өткізілетін орындарға барынша жақын орналастырылды, сондай-ақ жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылды. Жалпы аталған іс-шараларға 7 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылған.

"Ата-аналардан және түлектердің өздерінен қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жол жүрісі қағидаларын сақтауды, су қоймасында қауіпсіздік шараларын қабылдауды өтінеміз. Тәрбиешілер, ата-аналар және кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдері іс-шара аяқталғанға дейін түлектерге тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі керек. Құрметті түлектер мен олардың ата-аналары, бұл мереке сіз үшін тек жағымды жағынан есте қалуы керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз", – деді ІІМ ӘПК басқарма бастығы Әсет Оспанов.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте