Семейде 18 адамнан тұратын бопсалаушылар тобы ұсталды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Семей қаласының аумағында бопсалаушылардың қылмыстық тобын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.