Ұстаздық ұлық емес,ұлы қызмет
Ұстаздық қылған жалықпас,үйретуден балаға" демекші,ұлағатты мұғалімдердің мерейі артып отыр. Білім нәрін нұрландырушы ұстаздар болмаса,сауатсыз адамдардың болары хақ.
Жиырма бірінші ғасырдың, қазіргі күні ұстаздарға үлкен көңіл бөлінуде. Себебі,ұстаздар болмаса еліміздің білім деңгейі нашарлап,жаппай сауатсыздық басу қаупі ғажап емес.Қарқынды түрде сала жалақысы жоғарғы көрсеткіш деңгейіне жетіп, көптеген қаржы білім нәріне жолданды.Ұстаздарды жан-жақтан қолдап,демеу беру біздің парызымыз болғай.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған да,мейірімді жылы жүзімен алдымыздан ұстазымыз күтіп алады.Қолымызға қалам ұстатып, қатесіз жазу мен желдей зулап оқуды, айбынды жігерімен үйретеді.Өмірдің ақ пен қарасын игеруді түсіндіріп,қызықты да балғын шағымыз ұлағатты ұстазыммен өтті.
Мектеп бітіріп кеткенше ұстаздар,бізге...