World News

Орал маңындағы саяжай аумақтарына су жайылды

21 сәуірде түстен кейін Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрді. Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына келді. Адамдар алдын ала эвакуацияланған болатын. Алайда, жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар", - делінген хабарламада.

Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте