Қаңтарда туысынан айырылғандар бас прокуратуаға келді
![Қаңтарда туысынан айырылғандар бас прокуратуаға келді](https://gdb.rferl.org/01000000-c0a8-0242-5947-08dcb569c7fe_cx0_cy17_cw83_w800_h450.jpg)
Жақындары Қаңтар оқиғасында оқ тиіп қаза болған сегіз адам 5 тамызда Астанадағы бас прокуратура ғимаратына жиналды. Шымкент, Тараз және Алматыдан келген олар туыстарына қатысты сот шешімдерін бұзып, істі қайта тергеп, сотталған марқұмдарды ақтауды талап етеді.