18 мая 2024 года
Май
2024
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Все новости

Azattyq.org 

Ерекше эмиграция. Шығыс Түркістанға барған қазақ пен кеткен қазақтың тағдыры

Қазақ эмиграциясының белгілі қайраткерлері Дәлелхан Жаналтай мен Қажығұмар Шабданұлының тағдыры Шығыс Түркістаннан басталады. Бірі сондағы коммунистер қысымын әшкерелеу үшін күресті, азаппен Түркияға көшті. Бірі Қазақстандағы Ашаршылықтан бас сауғалап барып, Шыңжаңда қалды. Еркін ойы, озық пікірі үшін 40 жылдан аса Қытай түрмесінде отырды. Өле-өлгенше биліктің қатаң бақылауында болды.

Azattyq.org 

Астанада белсенділер марқұм Жасарал Қуанышәлинді еске алды

Астанада «Алға, Қазақстан» партиясын құрғысы келетін топ мүшелері мен азаматтық белсенділер марқұм оппозиционер Жасарал Қуанышәлинді еске алды. Белгілі саяси қайраткер былтыр дүниеден озған. Жылдық ас берердің қарсаңында Алматы мен Астанада белсенділерді аңду көбейіп, кейбірі қамауға алынды.

Azattyq.org 

Құлсарыдағы наразылық, Қуанышәлинді еске алу - AzatNEWS | 17.05.2024

Құлсарыда халық наразылығы басылған жоқ. || Батыс Қазақстан облысының тұрғынын Әблязовтың желідегі жазбаларына байланысты түсініктеме беруге полицияға шақырған. || Астанада бір топ белсенді бір жыл бұрын қайтыс болған оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлинді еске алып, ас берді.

Azattyq.org 

Құлсары тұрғындары 400 мың теңге дегенді қайдан алды?

Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындары тасқын су қиратқан үйлерінің орнына жаңадан салынатын баспаналардың шаршы метрін 400 мың теңгеден есептеп, қаражатты қолға беруді талап етіп жатыр. Жергілікті билік ары кеткенде 240 мыңға бағалайды.