World News

Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

Өзбекстан үкіметі өкілетінің аяқталғанын мәлімдеді. Тиісті қаулыға 19 қарашада премьер-министр Абдулла Әріпов қол қойды. 


Үкімет жұмысында үзіліс болмас үшін қазіргі үкімет жаңа министрлер жасақталғанға дейін қызметте болады. 


27 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесінде парламенттің жаңа палаталары жасақталған. 


Ел Конституциясының 116 бабы және министрлер кабинеті туралы заңның 7 бабы бойынша парламент жаңарғаннан кейін үкімет отставкаға кетуі керек.  


Жаңа парламент жасақталғаннан кейін бір ай ішінде президент барлық саяси партия фракцияларымен кеңескеннен кейін премьер-министр кандидатурасын заң шығарушы палаталарға ұсынады. 


Кандидат министрлер кабинетінің қысқа әрі ұзақмерзімді жоспарын таныстырады. Кандидаттың премьер-министр болып тағайындалуына депутаттардың жартысынан астамының дауысы керек. 


Премьер-министр таңдалғаннан кейін үкіметтің жаңа құрамы жасақталады. 


Өзбекстан үкіметіне 2016 жылдың желтоқсан айынан бері жетекшілік етіп келе жатқан Абдулла Әріпов 2020 жылы қаңтарда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында премьер-министр қызметіне қайта тағайындалған еді. 

Читайте на 123ru.net