World News

Қытай банкінің бұрынғы басшысы өлім жазасына кесілді

Қытай соты мемлекеттік ірі банктің бұрынғы басшысы Лю Ляньгэні өлім жазасына кесті. Ол жемқорлық және несиені заңсыз беру баптары бойынша кінәлі танылған. 


Лю Ляньгэ актив көлемі жағынан әлемдегі ең ірі бес банктің қатарына кірген Қытай банкіне жетекшілік еткен. Ол 2023 жылы компартиядан шығарылып, биыл ақпанда қамалды. Қызметінен алынып, оған 121 млн юаннан (шамамен 16,8 млн доллар) астам пара алды деген айып тағылды. South China Morning Post басылымының жазуынша, ол жемқорлықпен күрес кампаниясына ілінген қаржы саласының ең жоғары лауазымды өкілі. 


"Синьхуа" агенттігінің жазуынша, сот үкімі екі жылдан кейін орындалады. Үкім бойынша, ол барлық саяси құқықтан айырылып, барлық мүлкі тәркіленген. Қытай заңы бойынша кейінге қалдырылған өлім жазасы өмірлік түрме жазасымен алмастырылуы мүмкін. 


Қытай өлім жазасын орындау бойынша әлемде бірінші орында тұрған болуы мүмкін. Пекин мұндай статистиканы жарияламайды, алайда құқық қорғаушылар жыл сайын елде бірнеше мың адам дарға асылатынын айтады. Бұл өзге елдерден қарағанда әлдеқайда көп. Amnesty International ұйым есебінше, былтыр Қытайда 1153 адам дарға асылған. 

Читайте на 123ru.net