Оңтүстік Кореяның президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады
Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ель әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрап, жауапкершіліктен жалтармауға уәде берді.
"Қатты өкінемін. Адамдарды үрейлендіргенім үшін шын жүректен кешірім сұраймын" деп жазылған Юн Сок Ельдің кеңсесі таратқан хабарламада. Одан "Ренхап" үзінді келтіреді.
Юн Сок Ельдің түсіндіруінше, ол "мемлекеттік істерге жауапты" болғандықтан қапаланып, әскери жағдай енгізген. Ол істеген ісін мойнымен көтеретінін айтып, бұл әрекетін қайталамайтынын жазған.
7 желтоқсанда парламент президентке импичмент жариялау туралы заң жобасына дауыс береді. Құжатты парламентке оппозиция енгізген. Оппозиция партияларының пікірінше, Юн Сок Ель мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған. Басқарушы партия өкілдері президент отставкаға кетуі керек деген.
Оңтүстік Корея аумағында әскери режим тәртібі енгізілетіні туралы жарлық 3 желтоқсан күні жергілікті уақытпен сағат 22:25 кезінде жарияланған. Құжатқа сәйкес, әскери режим тәртібі саяси партиялардың қызметіне, наразылық пен ереуілдерге тыйым салып, цензура енгізген. Сейсенбі түнге қарай телеарнадан жасаған үндеуінде президент Юн Сок Ель әскери режим жағдайын енгізуді конституциялық құрылымды "коммунистік күштерден" және Солтүстік Кореядан төнген қауіп-қатерден қорғау үшін қажет шара деп түсіндірді
Бұдан кейін әскер парламентке басып кірмек болып тұрған шақта депутаттар әскери жағдайды алып тастау туралы шешімге дауыс беріп, шешімнің күшін жойды. Осыдан кейін президент парламент шешімін мақұлдауға мәжбүр болған.
Оппозиция президенттен бөлек, бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ен Хен, әскер штабының жетекшісі Пак Ан Су сонымен бірге ішкі істер министрі Ли Сан Минге де бүлік бойынша айып тағуды талап еткен. 4 желтоқсанда кешке қорғаныс министрі Ким Ен Хен отставкаға кетті.