Марат Жыланбаевтың жүрек соғысы төмендегені айтылды
Ақмола облысы Степногорск қаласындағы абақтыда 7 жылдық жазасын өтеп жатқан марафоншы, "Алға, Қазақстан" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі Марат Жыланбаевтың жүрек соғысы күрт төмендегені айтылды. Бұл турлы 11 желтоқсанда Азаттыққа оның қызы Азия Жыланбаева хабарлады.
Оның сөзінше, Марат Жыланбаев қыздарының біріне қоңырау шалып, жағдайы нашарлап тұрғанын, жүрек соғысы минутына 42 болғанын жеткізген.
– Әкем аштық жариялағалы бүгін отызыншы күн. Ол тек су ішеді. Яғни, ол қайнамаған суық су ішуге мәжбүр. Әкем кінәсіз болғандықтан да күресін тоқтатпайды. Мен әділдік талап етемін. Оның түрмедегі тамақ туралы, басқа да талаптарының бәрі – заңды талаптар, – деді Азия Жыланбаева Азаттыққа.
Марат Жыланбаев отырған №4 түрменің басшысы Қанат Тұлақов телефонын көтермеді. Ал түрме кезекшісі аға лейтенант Мұқашев "Жыланбаев дәрігер шақырмағанын" айтады.
– Егер оған дәрігер керек болса шақырар еді. Ол тірі. Одан барып "дәрігер керек пе?" деп сұрағанда "жоқ" деп жауап берген, – дейді Мұқашев.
Түрмеде отырған Марат Жыланбаев өзіне қатысты шыққан үкімге наразылық ретінде 13 қарашада аштық жариялағаны хабарланған. Ол бұдан бұрын да түрмедегі жағдайға және өзіне қатысты үкімге наразылық ретінде бірнеше рет аштық жариялағанын айтқан. Бұған қоса, ол 15 қарашадан бері тәртіптік оқшаулау камерасында отыр.
Түрме бастығы Қанат Тұлақов Азаттықтың жазбаша сауалына бұған дейін "Жыланбаев түрме әкімшілігіне сот үкіміне келіспейтінін айтып, тамақ ішуден бас тартатыны туралы өтінішпен жүгінді" деп жауап жолдаған. Сол жауабында Тұлақов "Жыланбаевқа медициналық көмек қажет емес, денсаулығы қанағаттанарлық" деген еді.
Марат Жыланбаев 2023 жылы мамырда Қаңтар оқиғасын ашық тергеуді талап етіп, наразылыққа шыққаны үшін "заңсыз митингіге шығу" бабымен әкімшілік қамауға алынған. Әкімшілік жаза мерзімі біткен соң марафоншыға "тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысты" және "экстремизмді қаржыландырды" деген айыптар тағып, оны тергеу изоляторына қамаған. Жыланбаевқа Қазақстанда "экстремистік ұйым" деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" оппозициялық қозғалысының мүшелерімен байланысы болғаны үшін айыптар тағылған. Еуропарламент ҚДТ қозғалысын "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атайды.
2023 жылы қарашада Марат Жыланбаев жабық сот процесінде шыққан үкім бойынша жеті жылға түрмеге қамалған.