World News

CBS News: Си Цзиньпин Трамптың инаугурациясына бармайды

Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамптың Вашингтондағы инаугурация рәсіміне бармайды. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген CBS News сайты жазды. Бұған дейін Қытай жетекшісінің рәсімге шақырылғаны белгілі болған еді.


20 қаңтар күнгі инаугурацияға Қытайдың АҚШ-тағы елшісі және оның әйелі қатысады, бұл әдеттегі тәжірибе. Оларға Қытайдың өзге де ресми тұлғалары қосылуы мүмкін, бірақ арасында Си Цзиньпин жоқ деп жазды телерна сайты.


Бейресми арналардың жазуынша, инаугурацияға шақыруды Пекин күтпеген, себебі қытайлық шенеуніктер "қатаң хаттама" мен Америка-Қытай арасындағы күрделі қарым-қатынасқа бойлары үйреніп қалған.


Қытайдың Вашингтондағы елшілігі түсініктеме беруден бас тартқан Трамптың командасы журналистерге жауап бермеген.


Бұған дейін CBS АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпинді 2025 жылғы 20 қаңтарда Вашингтонда өтетін инаугурациясына шақырғанын хабарлаған. CBS сөйлескен дереккөздердің айтуынша, Трамп командасы инаугурацияға әлем елдерінің басқа да басшыларын шақыруды талқылап жатыр. Мысалы, өзін Дональд Трамптың саяси одақтасы деп бірнеше рет атаған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан бар. 9 желтоқсанда Орбан Трамппен оның Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында кездескен. Бұған дейін екеуі шілде айында да жүздескен.


Қытай басшысын инаугурацияға шақырғаны жөнінде ресми ақпарат әлі шықпады.


Дональд Трамп бірінші президенттігі тұсында Қытаймен сауда соғысын жүргізген. 26 қарашада Трамп инаугурациядан кейін АҚШ-қа импортталатын барлық Қытай тауарларына баж салығын арттыратынын мәлімдеген. Ал қоқан-лоқы тұсында Пекин АҚШ-қа қос мақсаттағы бірқатар тауарды экспорттауға тыйым салды.

Читайте на 123ru.net