Грузия орталық сайлау комиссиясы Кавелашвилидің жеңгенін мәлімдеді
Грузияның орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында Михаил Кавелашвилидің жеңгенін мәлімдеді.
Кавелашвили президенттіктен үміткер жалғыз кандидат болған, оны басқарушы "Грузин арманы" партиясы ұсынған. Кавелашвили Батысқа қарсы популистік ұрандар айтып жүрген билікшіл "Халық күші" партиясына мүше.
Президентті сайлаушылар коллегиясы сайлады. Ресми мәлімет бойынша, Кавелашвилиге сайлаушылар коллегиясына мүше 300 адамның 224-і дауыс берген, оның сайлануы үшін 200 адамның дауысы жеткілікті болған. Оппозиция өкілдері сайлауға бойкот жариялап, дауыс берудің заңсыз екенін мәлімдеді.
Бұрынғы футболшы Михаил Кавелашвили Владикавказдан шыққан 1995 жылдан бері Ресей чемпионы болған "Спартак-Алания" командасына мүше. Парламенттің үш шақырылымының депутаты.
Сенбі күні дауыс беру өткен Тбилисидегі парламент ғимаратының алдында наразылық акциясы өтті деп хабарлады Азаттықтың Грузин қызметі. Аяз бен қарға қарамастан жүздеген адам жиналған.
Сайлау коллегиясының басым бөлігі басқарушы "Грузин арманы" партиясына мүше.
Сайлау коллегиясының құрамы төмендегідей:
Грузия парламентінің 150 депутаты;
Аджар автономды республикасының Жоғарғы кеңесінің 21 мүшесі;
Абхазия автономды республикасының Жоғарғы кеңесінің 20 мүшесі;
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының 109 өкілі.
Сайлау комиссиясының құрамында парламенттегі төрт оппозиция партиясының 61 өкілі де бар, бірақ олар дауыс беруден бас тартқан.
Ресми мәлімет бойынша, Кавелашвилиді сайлаушылар коллегиясының бірнеше тәуелсіз мүшесі қолдаған. Барлығы 225 адам дауыс берген, бір бюллетень жарамсыз танылған.
Парламенттің үш шақырылымының депутаты болған Михаил Кавелашвили Батысты жиі сынайды. Атап айтқанда, Грузияны Ресеймен соғысқа тартқысы келетін АҚШ пен Еуроодақта қандай да бір "ғаламдық соғыс партиясы" барын айтқан.
Кавелашвилидің жасы 53-те. Елде алғаш рет жоғары білімі жоқ кандидат президент болып сайланып жатыр. Парламент ғимараты алдында "Дипломыңды көрсет!" атты наразылық акциясы өткен. Жолдың бір бөлігінде жұрт футбол ойнаған.
Жаңа президенттің инаугурациясы 29 желтоқсанда өтуі керек. 16 желтоқсанда өкілеті аяқталатын қазіргі президент Саломе Зурабишвили сайлауды заңсыз деп танып, қызметінен кетпейтінін мәлімдеді. 14 желтоқсанда да ол Тбилисиде наразылыққа шықты.
Сайлау алдында 16 түн наразылық өтті, Тбилисиде наразылық күшпен басып-жаншылды. Митингілер Батуми, Кобулети, Кутаиси және Грузияның өзге қалаларында өткен. Наразылар елдің Еуроодаққа қарай бағытын жандандырып, ұсталғандарды босатып, жаңа парламент сайлауын өткізуді талап етіп отыр.