Оңтүстік Корея президентін тергеуге шақырды
Оңтүстік Кореяда биліктен уақытша шеттетілген президент Юн Сок Ельді прокуратура жауап алу үшін шақырды. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Юн елде әскери жағдай тәртібін енгізіп "бүлік жасамақ болды" және "билікті асыра пайдаланды" деп айыпталып жатыр.
Агенттіктің жазуынша, прокуратура Юн Сок Ельге осымен екінші рет шақырту жіберген, бірінші шақыртуды ол елеусіз қалдырған. Президент 21 желтоқсанға дейін прокуратураға бармаса, оны тұтқындауға ордер беру мәселесі қаралмақ.
Deutsche Welle ақпаратынша, прокуратурадан бөлек, Оңтүстік Корея полициясы, жоғары мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы мен қорғаныс министрлігіндегі тергеу бөлімінің өкілдері бірлескен тергеу тобы да Юн Сок Ельді жауап алуға шақырған. Президент оған сәрсенбі, 18 желтоқсанға дейін баруға тиіс.
Тергеушілер президенттің телефон әңгімелерінің жазбасын алу үшін оның қауіпсіздік қызметіне тінту жүргізген.
Юн Сок Ель бұған дейін халыққа үндеу жасап, бүлік жөніндегі айыпты жоққа шығарған.
14 желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялауды қолдады. Оны 300 депутаттың 204-і қолдаған, 85-і қарсы болған.
3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель "ел ішіндегі Солтүстік Кореяның жандайшаптарымен күресу үшін" әскери жағдай тәртібін енгізу туралы жарлық шығарған.
Президент жарлығына сай, елде саяси партиялар қызметіне, ереуілдерге тыйым салынып, цензура енгізілді, әскери трибуналдарға өлім жазасы туралы үкім шығару құқы беріледі деп жарияланды. Тұтқиылдан қабылданған жарлық халыққа төбеден жай түскендей әсер етті. Сеул көшесі наразы адамдарға толды. Президент жарлығын сынға алған парламент мүшелері ғимаратқа әскер басып кірмек болып жатқан сәтте шұғыл отырыс өткізіп, президент жарлығына қарсы дауыс беріп үлгерді.
Бұдан кейін президент, заң талабына сай, парламенттің шешіміне бағынып, алты сағат бұрын қабылдаған жарлығының күшін жоюға мәжбүр болды.
7 желтоқсанда президент телеэфирдегі әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады. Президент жарлығында көрсетілген негізгі міндеттерді атқару жүктелген лауазымды шенеуніктер, арасында қорғаныс министрі Ким Ен Хен де бар (кейін ол тұтқындалды), қызметінен кетті. Бүлік бойынша істі тергеу басталды.
9 желтоқсанда президентке Оңтүстік Кореядан шығуына тыйым салынды. Мұндай шектеу елде әскери жағдай енгізу туралы жарлықтан кейін қозғалған бүлік жөніндегі істі тергеуге байланысты қолданылып отыр деп хабарланды.