"Мал өсіру тиімсіз болып қалды". Ет бағасы ырыққа көнбей тұр. Тығырықтан шығудың жолы қайсы?
Орталық Азия елдерінде ет және ет өнімдері қымбаттап жатыр. Сарапшылар бағаның өсуіне мал шаруашылығындағы жүйелі мәселелер мен мемлекеттік басқарудың олақтығы әсер етіп отыр дейді. "Азаттық Азия" аймақтағы ет бағасындағы өзгерісті зерттеп, билік реакциясын және сарапшылар пікірін талдады. Мамандар еттің құнын жасанды жолмен ұстап тұру нәтиже бермейді деп есептейді.