Алматы-2 вокзалындағы пойызда 52 адам көмірқышқыл газынан уланып қалды
Алматы-2 вокзалындағы пойызда 52 адам көмірқышқыл газынан уланып қалды. Арасында 10 бала бар, екеуі жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды.
"Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Барлық зардап шеккендер қала стационарларының қабылдау бөлімдеріне жеткізілді. Зардап шеккен адамдар дәрігерлердің бақылауында" деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.“Қазақстан темір жолы” оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.“Вагондар киностудияға түсірілім жүргізуге берілген. Жағдайдың жай-жапсарын құзырлы органдар анықтайды” деп хабарлады ҚТЖ(Ақпарат толықтырылады)