World News

Қазақстанның бірінші ракеткасы Римдегі WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Римдегі WTA-1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалына шықты, - деп хабарлайды Tengri Sport.1/16 финалда қазақстандық спортшы америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге Қытай дуэті - Цзянь Синьюй мен Сюй Ифаньды 6:4, 1:6, 13:11 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 29 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық пен америкалық теннисші бір эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді және 12 брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz) жарияланымы


Келесі кезеңде қазақстандық-америкалық дуэт Ирина Хромачева мен Джулиана Олмос жұбымен кездеседі.
Олардың кездесуі ертең, 12 мамырда өтеді, уақыты кейінірек хабарланады.

Читайте на сайте