World News

Қазақстан мен Кения 10 құжатқа қол қойды

Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения президенті Уильям Руто Бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері келесі құжаттармен алмасты:
1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кения Республикасы Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ICT және электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Кения Республикасы Жол және көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кения Республикасы Туризм және жабайы табиғат министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
4. "Самұрық-Қазына" АҚ мен Мемлекеттік тау-кен корпорациясы (NAMICO) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
5. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ мен Кения ғарыш агенттігі арасындағы жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін дамыту және ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
6. "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Найроби халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Кения Президентінің мемлекеттік сапары барысында келесі құжаттарға да қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Кения Республикасының Сыртқы қызмет академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
2. "Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы" ЖШС мен Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
3. "Kazakh Invest" ҰК" АҚ мен Kenya Investment Authority арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
4. "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен Кения Республикасы Экспортты ілгерілету және брендинг агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте