World News

“Қақпанда“ қалған: қыз лифтке мінгенде сөмкесіндегі пауэрбанк өтенген

Ресейдің Сургут қаласының тұрғыны жергілікті тұрғын үй кешенінің лифтінде пауэрбанктің тұтануынан от құрсауында қалды. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Baza Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бейнежазбадан бойжеткеннің лифтке рюкзакпен кіргенін, ал есік жабылған бойда сөмкеден лаулаған от шыға бастағанын көруге болады.

Ол рюкзагын дереу еденге тастайды, ал лифт ішін біртіндеп қою түтін басады.

Бойжеткен үрейге бой алдырып, есікті ұрғылай бастаған, бірақ лифт көп ұзамай тоқтап, ол сыртқа шығып үлгерген.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұл оқиға бойынша ешқандай шақырту түспегенін хабарлады.

Читайте на сайте