Қазақстанның үздік сұрмергені бір жыл ішінде екінші жаттықтырушысынан айырылды
Мәскеулік "Динамо" футбол клубы жаттықтырушы Ролан Гусевпен ынтымақтастықтың тоқтатылғанын жариялады. Бұған дейін қазақстандық Бахтиёр Зайнутдинов өнер көрсететін командадан Валерий Карпин кеткен болатын, - деп хабарлайды Tengri Sport клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы команданы 2025 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келген еді, алайда басшылық маманға жаңа келісімшарт ұсынбауды жөн көрді.
"Мәскеулік "Динамо" ФК мен Ролан Гусев ынтымақтастықты тоқтатады - Ролан Александрович келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты мамырдың аяғында команданың бас бапкері қызметінен кетеді", - деп жазды баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, қарашада клубтан Ресей құрамасының жаттықтырушысы Валерий Карпин кеткен болатын, ол команда тізгінін 1 шілдеде ұстаған еді.
"Динамоның" жаңа бапкері неміс маманы Сандро Шварц болады. Оның командаға тағайындалғаны туралы да бүгін хабарланды.
Неміс маманы мәскеуліктермен 2020-2022 жылдары жұмыс істеген.
Қазақстандық футболшы тағы да бапкерсіз қалды
Карпиннің "Динамоға" келуі қазақстандық Бахтиёр Зайнутдиновтің Ресей премьер-лигасына оралуына себеп болған жайттардың бірі еді. Ол "Ростовта" Карпинмен бірге жұмыс істеп, түріктің "Бешикташында" өткізген кезеңінен кейін тәлімгерімен қайта қауышуды ұйғарған болатын.
Енді қазақстандық футболшыға клубта үшінші бапкермен жұмыс істеуге тура келеді.
Зайнутдинов Түркияда да дәл осындай жағдайға тап болған: "Бешикташта" өткізген екі жылында тоғыз бапкер ауысты. Қазақстандық футболшы аңызға айналған Шенол Гюнешпен, бұрынғы жұлдыздар Джованни ван Бронхорст пен Сульшермен және Португалия құрамасында Роналдуға жаттықтырушы болған Фернанду Сантушпен жұмыс істеп үлгерді.
Бұл ретте бапкерлердің жиі ауысуына байланысты Зайнутдиновте тұрақты ойын тәжірибесі мен алаңдағы нақты позициясы болған жоқ. Сондай-ақ Тараз футбол мектебінің түлегі көптеген жарақаттардан зардап шекті.
Биыл "Динамода" да қазақстандық футболшы негізгі құрам ойыншысына айнала алмады, ол белгісіз жарақатына байланысты маусымның маңызды бөлігін өткізіп алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Bakhtiyor Zainutdinov (@bateka_11) жарияланымы
Зайнутдинов - Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені
Еске сала кетейік, 2023 жылы Зайнутдинов Еуро-24 іріктеу кезеңінде Финляндия қақпасына дубль жасағаннан кейін ұлттық құраманың үздік сұрмергені атанған болатын.
Содан бері ол тағы бір гол соқты - ӘЧ-2026 іріктеуінде Лихтенштейнге қарсы ойында көзге түсіп, 15 голмен көшбасшылығын нығайтты.
Қазақстан құрамасының Армения мен Венгрияға қарсы жолдастық кездесулеріне дайындық тізіміне Зайнутдинов енген жоқ.