World News

Алматыда ер адамның сөмкесінен граната табылды

Алматыда Райымбек даңғылының бойында полицейлер әрекеті күдік тудырған ер адамды ұстады. Оның сөмкесінен пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен саперлер шақырылды. Тексеру барысында гранатаның оқу-жаттығу құралы екені және ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталды.

"Ұсталған ер адамның айтуынша, ол заттарды тауып алған, ал пышақты тұрмыстық қажеттіліктер үшін ұстап жүрген. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр", - деп хабарлады полициядан.

Сондай-ақ, ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Алматы полициясы азаматтарды қауіп төндіруі мүмкін заттарды алып жүрмеуге және қару-жарақ немесе оқ-дәріге ұқсас заттарды тауып алған жағдайда туралы дереу 102 нөміріне хабарлауға шақырады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)

Читайте на сайте