ӘЧ-2026: Уругвай мен Иран матчтері қалай өтті?
15-нен 16 маусымға қараған түні футболдан әлем чемпионатында G және H топтарының матчтері өтті. Барлық ойын тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Сауд Арабиясы - Уругвай
Алғашқы болып Сауд Арабиясы мен Уругвай ұлттық құрамалары кездесті. Кездесу 1:1 есебімен тартысты тең аяқталды. 41-минутта "Әл-Наср" қорғаушысы Абдулла әл-Амри есеп ашып, саудтықтарды алға шығарды.
Кейінірек, 80-минутта "Спортинг" жартылай қорғаушысы Максимилиано Араухо гол соғып, таразы басын теңестірді.Скриншот: flashscorekz.comH тобының турнирлік кестесі
Уругвай - 1 ұпай;
Сауд Арабиясы - 1 ұпай;
Испания - 1 ұпай;
Кабо-Верде - 1 ұпай.
Иран - Жаңа Зеландия
Күннің қорытынды матчі Иран мен Жаңа Зеландия құрамаларының кездесуі болды. Есеп 7-минутта ашылды. Жаңазеландиялық жартылай қорғаушы Элайджа Джаст қақпаны дәл көздеп, командасын алға шығарды. Кейін 32-минутта Иран қорғаушысы Рамин Резаян голмен жауап қайтарды. Екінші таймда Джаст дубль жасағанымен, ирандық форвард Мохаммад Мохеби есепті теңестіріп кетті. Кездесу қорытындысы - 2:2 есебімен тең аяқталды.
Скриншот: flashscorekz.com
G тобының турнирлік кестесі
Жаңа Зеландия - 1 ұпай;
Иран - 1 ұпай;
Бельгия - 1 ұпай;
Мысыр - 1 ұпай.
Бұған дейін Бельгия мен Мысыр құрамасы да тең тарқасқан болатын.