World News

“Соңғы мүмкіндік“: Сәтпаев Қазақстанмен қашан қоштасады?

"Қайрат" баспасөз қызметі Дастан Сәтпаевтың клуб сапындағы соңғы матчіне қатысты жаңа мәлімдеме жасады. 17 жастағы футболшының қоштасу ойыны ертең Алматыда өтеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
17 маусымда Қазақстан құрамасының вингері "Қызылжарға" қарсы кездесуде алаңға шығады. Шамасы, осы ойыннан кейін ойыншы "Челси" клубының қарамағына аттанады.

"Дастан Сатпаевтың "Қайрат" сапындағы қоштасу матчі ертең! Түлегімізді сары-қара құрамында соңғы рет көріп, оның мансабындағы жаңа кезеңге шығарып салатын сәт", - делінген мәлімдемеде.

Дастан Сәтпаев - Қазақстан рекордшысы
Еске сала кетейік, алматылық жас шабуылшы туралы әңгіме 2024 жылдың соңында, Сәтпаев 16 жасында "Қайраттың" негізгі құрамында дебют жасаған кезде қыза түскен болатын.
Кейін ойыншыға еуропалық топ-клубтар қызығушылық танытып жатқаны туралы қауесет тарап, 2025 жылдың қысында бұл қызығушылық "Челсиге" ресми трансфермен аяқталды. Бұл ауысым қазақстандық футбол тарихындағы рекорд көрсеткіш болды.
Жас вингер тез арада "Қайраттың" негізгі ойыншысына айналып, Қазақстан құрамасына шақырту алды. Ол ұлттық құрама тарихындағы ең жас гол авторы, сондай-ақ Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас сұрмергендердің бірі атанды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Трансфер туралы белгілі болғаннан кейін, Сәтпаевтың 18 жасқа толғанша Англияға ауыса алмайтыны туралы ақпарат шыққан еді. Дастан 12 тамызда кәмелетке толады.
Кәмелетке толуына әлі екі ай уақыт болса да, ойыншы жаңа еуропалық маусымға дайындықты бастайтын көрінеді және "Қайратқа" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде көмектеспейді.
“Қайрат“ Дастан Сәтпаевты қашан шығарып салатынын жариялады

Читайте на сайте