World News

Футболшының әйелі жер сілкінісі кезінде қызын құтқарамын деп қаза тапты

Венесуэлалық футболшы Гектор Белло жер сілкінісі кезінде жұбайы кішкентай баласын өз денесімен қорғап, қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport ойыншының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
28 жастағы футболшы 24 маусым күні кешке Венесуэла астанасының батысында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан әйелінен айырылды.
Оның айтуынша, спортшының кішкентай қызы тек анасының жанқиярлығының арқасында аман қалған.

"Сүйіктім, мен оған сенің оны қалай құтқарғаның туралы, қызымыз үшін жаныңды қиғаныңды, өміріңнің соңғы сәттеріне дейін оны тастамай, нағыз батыл әйел болғаныңды айтып беремін. Бірақ бір нәрсені кешіре алмаймын, жаным: сен менің жүрегімді жараладың. Бұл қиындықты бірге еңсеруіміз керек еді, бірақ сен мені жалғыз қалдырдың", - деп жазды футболшы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Оңтүстік Америка елінде табиғи апаттан қаза тапқандар саны 1450 адамға жетті. Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригестің сөзіне қарағанда, зардап шеккендер саны 3 мың 150 адамға жетіп, 12 мың 721 адам баспанасыз қалған.
Футболшыларға келетін болсақ, Гектор Белло бұл трагедияның құрбаны болған жалғыз спортшы емес.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Hector Bello-ның жарияланым (@hectorbello_02)


Инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, табиғи апат венесуэлалық "Маритимо" клубының футболшысы Лукас Трехоның әйелі мен екі баласының, жас жұлдыз Имверт Берротэран мен оның сүйіктісінің және тағы бірнеше жас ойыншының өмірін қиды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Fabrizio Romano (@fabriziorom) жарияланымы


Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны мыңнан асты
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісінен көптеген адамның қаза болуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.

Читайте на сайте