Парагвай шабуылшысы Әлем чемпионатындағы сенсациялық жеңісін марқұм атасына арнады
Әлем чемпионатында Германияны жеңген Парагвай құрамасының 22 жастағы шабуылшысы Хулио Энсисо бұл жеңісін марқұм атасына арнап, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Әлем чемпионатының 1/16 финалында Парагвай құрамасы Германияны тарихи жеңіспен ұтқаннан кейін, шабуылшы Хулио Энсисо бұл жетістігін марқұм атасына бағыштады.
22 жастағы футболшы жақын адамын еске алып, толқынысын жасыра алмай, эмоцияға берілді.
"Қазір атаммен бірге диванда отырып, Парагвайдың ойынын тамашалаған сәт есімде. Бұл - өмірімдегі ең бақытты күн. Мен тек ол кісі туралы ойлап тұрмын. Бүгін Германияны жеңгеніміз - Құдайдың және атамның маған жасаған сыйы. Мен бұл жеңісті соған арнаймын. Ол мені мақтан тұтар еді. Көкке, атама ыстық сәлемімді жолдаймын", - деді футболшы.
???????????? «Бүгін ойым бірден атама ауды... Мен Парагвайдың ойындарын оның қасында отырып тамашалайтынмын» ????«Көкке сүйіспеншілікпен сәлем жолдадым, оның мені мақтан тұтатынына сенімдімін. Бұл менің өмірімдегі ең тамаша күн болды. Бұл...»
- Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) June 30, 2026
Естеріңізге сала кетейік, бұл матч Парагвайдың сенсациялық жеңісімен аяқталды. Бірінші таймның 42-минутында Хулио Энсисо басымен соққан доп арқылы есеп ашты. Кейін, 54-минутта Флориан Вирц гол соғып, Германия есепті теңестірді.
Бұдан кейін гол соғылмағандықтан, кездесу пенальти сериясына ұласты. Нәтижесінде 4:3 есебімен Парагвай басым түсті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Selección Paraguaya de Fútbol (@albirroja) жазбасы
Осылайша, Парагвай құрамасы футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Енді олар Франция - Швеция жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Парагвай президенті Әлем чемпионатындағы сенсацияның құрметіне демалыс жариялады
“Көз жасына ерік берді”: командасына жеңіс сыйлаған марокколық футболшының анасы эмоциясын жасыра алмады