World News

Алматыда танымал субұрқақтар неге жұмыс істемей тұр? Әкімдік жауабы

Алматылықтар аптапта қаладағы кейбір субұрқақтар жұмыс істемей тұрғанына шағымданып жатыр. Алматы әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тұрғындар неге шағымданып жатыр?Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары жұмыс істемей тұрған субұрқақтардың суреттері мен видеоларын жариялап жатыр.

"Туристер көп, күн ыстық, ештеңе жұмыс істеп тұрған жоқ", – деп жазды қолданушылар.

Фото: Threads
Фото: Threads
Алматыда қанша субұрқақ жұмыс істейді?
Алматы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы қала теңгерімінде 66 субұрқақ кешені бар екенін мәлімдеді.

54 субұрқаққа қызмет көрсетіледі және олар жұмыс істеуі тиіс;12 субұрқақ пайдаланудан шығарылған және күрделі жөндеуді қажет етеді.


"Жұмыс істемейтін субұрқақ кешендерін кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өткізіп, кейіннен пайдалануға беру жоспарланған. Бұл тиісті қаржыландыру бөлінген жағдайда жүзеге асырылады", – деп түсіндірді басқармадағылар.

Ведомство жұмыс істеп тұрған субұрқақтарға күн сайын қызмет көрсетілетініне сендірді: мердігер ұйымдар тоғандарды тазалайды, жабдықтарды, сүзу жүйелерін тексереді және қажет болған жағдайда ақауларды жояды."Қалалық субұрқақтарға шомылуға тыйым салынады"Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы қалалық субұрқақтарға шомылуға тыйым салынатынын еске салды.

"Субұрқақтар – инженерлік құрылыстар және олар шомылуға арналмаған. Пайдалану кезінде сорғы және электр жабдықтары жұмыс істейді, бұл пайдалану ережелері бұзылған немесе ақаулар туындаған жағдайда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін", – деп ескертті басқарма өкілдері.

Жақын арада қалалық субұрқақтарға шомылуға тыйым салатын қосымша тақтайшалар орнату уәде етілді.

Читайте на сайте