Құрылтай сайлауына жаңа бақылаушылар аккредиттелді
Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауын бақылайтын халықаралық байқаушылар тобына шет елдердің жаңа өкілдері қосылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.21 шілдедегі жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігінен 4 шет мемлекеттен 10 байқаушының кандидатурасы аккредиттеуге ұсынылды.
Олардың ішінде:
Пәкістан – 2 кандидатура;
Индонезия – 4 кандидатура (Индонезияның Қазақстандағы елшісін қоса алғанда);Малайзия – 3 кандидатура (Малайзияның Қазақстандағы елшісін қоса алғанда);Өзбекстан – 1 кандидатура.
ОСК мүшелері ұсынылған кандидатураларды аккредиттеді.
ОСК деректері
Осылайша, ОСК аккредиттеген халықаралық байқаушылар саны 86 адам болды.
Бұған дейін кімдер аккредиттелді?
Бұған дейін аккредиттеуге 76 халықаралық бақылаушы ұсынылғаны болатын.
Олардың ішінде:
ТМД бақылаушылар миссиясынан 4 бақылаушы;
ТМД-ға мүше мемлекеттер Парламентаралық ассамблеясынан 19 бақылаушы;ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясынан 32 бақылаушы;
Мальдив Республикасының 2 өкілі, оның ішінде елдің сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары бар;Палестинаның Қазақстандағы елшісі, Астанада аккредиттелген дипломатиялық корпус басшысы;Венесуэланың Қазақстандағы елшісі;
Мажарстанның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі;Грузиядан 2 байқаушы, оның ішінде Грузия ОСК төрағасы Георгий Каландаришвили бар;Иран – 2 өкіл, соның ішінде Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джокар;Швеция – 2 өкіл, оның ішінде Швецияның Қазақстандағы елшісі Стефан Эрикссон;Қырғызстан – 2 байқаушы;
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясы – 1 кандидатура: поляк сенаторы Казимир Клейна;Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік ассамблеясы – 6 кандидатура, олардың қатарында ассамблеяның жауапты хатшысы Сергей Поспелов бар;ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы – 1 бақылаушы.
1 шілдеде Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Сонымен қатар Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттардың өкілеттігі аяқталды. Жаңа Конституцияға сәйкес, елде екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы орган – Құрылтай жұмыс істейді.
Жаңа заң шығарушы орган депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленді. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Сайлауға 7 саяси партия қатысады.