Астанада көлік жеміс-жидек бутигіне соғылды - видео
Астанада жеңіл көлік жеміс-жидек павильонына соғылды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша Hyundai Accent көлігінің 18 жастағы жүргізушісі анықталғанын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Бөлекпаев көшесімен келе жатқан жүргізуші рөлге ие бола алмай, жеміс-жидек павильонына барып соғылған.
Оқиға салдарынан сауда нысанының ішінде болған 15 жастағы қыз зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.