World News

Ақтөбе облысында тойға келген қонақ пышақталды

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында үйлену тойынан кейін 26 жастағы жігіт кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Басылым оқырмандарының хабарлауынша, қайғылы оқиға сенбі күні, 8 тамызда болған. Бұл күні аудан орталығында той тойланған. Салтанатты шарадан кейін төбелес басталып, соның салдарынан қонақтардың бірі қаза тапқан.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда, іс полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстың өзге де мән-жайы соның ішінде жанжалдың шығу себептері анықталып жатыр.

Читайте на сайте